date

Харри Кейн Бундеслигада тарихи 100 ұпайлық рекорд орнатты

Харри Кейн Бундеслигада тарихи 100 ұпайлық рекорд орнатты

Мюнхеннің «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн Германия чемпионатында кезекті жарқын нәтижеге қол жеткізді. Бундеслиганың 15-туры аясында «Хайденхайм» командасына қарсы өткен ойында гол соққан ағылшын шабуылшысы тарихи рекордтың иесі атанды.

Бұл кездесуде соғылған гол арқылы Кейн Бундеслигада гол + нәтижелі пас жүйесі бойынша 100 ұпайлық межеге жетті. Назар аударарлығы, бұл жетістікке қол жеткізу үшін 32 жастағы шабуылшыға небары 78 матч жеткілікті болды. Бұл 2004/05 жылғы маусымнан бері ресми статистика жүргізілетін кезеңнен бастап ең жылдам көрсеткіш болып тіркелді.

Алдыңғы рекорд Нидерландтық жұлдыз Арьен Роббенге тиесілі еді, ол 100 ұпайлық межені 100 ойыннан кейін бағындырған. Харри Кейн бұл нәтижені әлдеқайда қысқа мерзімде жаңартып, Бундеслига тарихында есімін алтын әріптермен жазды.

Айта кетсе, Кейн 2023 жылдың жазында «Тоттенхэм» командасынан «Бавария» сапына ауысқан болатын. Қысқа уақыт ішінде ол команданың негізгі көшбасшыларының біріне айналып үлгерді.

Ағымдағы маусымда ағылшын шабуылшысы Бундеслигада 15 кездесуге қатысып, 19 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, Еуропа Чемпиондар лигасында да жоғары өнімділік көрсетіп, 6 ойында 5 голдың авторы атанды.

Харри Кейннің бұл формасы «Баварияның» чемпиондық жолындағы негізгі қаруы болып отыр. Мюнхендік жанкүйерлер оның жаңа рекордтары әлі алда екеніне сенімді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Харри Кейн Бундеслигада тарихи 100 ұпайлық рекорд орнатты