date

Атақты актер Анатолий Лобоцкий қайтыс болды

Белгілі актер Анатолий Лобоцкий қайтыс болды
Кеңес және Ресей театр мен кино актері, Ресей Федерациясының халық әртісі Анатолий Лобоцкий 67 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне өнер иесінің жақындары хабарлады.

Лобоцкий 1959 жылғы 14 қаңтарда дүниеге келген. Ол Владимир Маяковский атындағы Мәскеу академиялық театрында қызмет етіп, ондаған басты рөлдерді сомдаған.

2013 жылы оған Ресей Федерациясының халық әртісі атағы берілген. Актер кино мен теледидардағы еңбектері арқылы кең танылған.

Оның қатысуындағы ең танымал фильмдер мен сериалдар қатарына “Құдайлардың қызғанышы”, “Калашников”, “Жастар командасы” (оригинал атауы “Молодежка”), “Ескі гвардия”, “Анна Медиум”, “Доктор Селивановтың жеке өмірі”, “Шам жарығында болжау”, “Объективтегі өлім” жатады. Шығармашылық мансабы барысында Лобоцкий 100-ден астам фильм мен сериалдарда, әсіресе драма, мелодрама және детектив жанрларында рөл ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Атақты актер Анатолий Лобоцкий қайтыс болды