date

Жалған жеңілдіктерге тыйым салынды


Узбекистан үкіметі жеңілдіктер жарияламас бұрын бағаны көтеруге тыйым салды. Бұл жаңа талаптар тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және әділ бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Құжат аясында дүкендер мен сауда желілеріне келесі міндеттер жүктелді: тұтынушыларды адастыратын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Жасанды түрде жоғары «ескі баға» көрсетуге немесе жарияланған шарттарға сай келмейтін тауарларға жеңілдік ұсынуға қатаң тыйым салынады.

Жаңа талаптардың орындалуын бақылау Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүктелді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Жалған жеңілдіктерге тыйым салынды