
Uzbekistan Airways ыңғайлы кесте, тіке рейстер және борттағы жайлылық арқылы сапарларыңызды өте оңай және жағымды етеді. Ташкенттен Мәскеу, Новосібір және Махачқалаға тұрақты рейстермен сапар шегіп, жақындарыңызбен кездесіңіз, іссапарлар жоспарлаңыз, демалыңыз немесе оқуға ыңғайлы әрі оңай жол жүріңіз.
Мәскеу Uzbekistan Airways жолаушылары арасында ең сұранысқа ие бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл тек іскерлік орталық қана емес, сонымен қатар туристер үшін де қызықты орын.
Кең жағалаулар, мұражайлар, театрлар, гастрономиялық аудандар мен жайлы бақтар бұл қаланы жан-жақты етеді. Күн сайын астананың екі әуежайына – Домодедово мен Внуковoға рейстер орындалады.
Каспий теңізі жағалауында орналасқан Ресейдің ең бай мәдениетті қалаларының бірі – Махачқаланың оңтүстік шуағы, дәмдеуіштердің иісі және қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Бұл бағыт бойынша рейстер бейсенбі күндері орындалады.
Новосібір – Сібірдің қарқынды дамып келе жатқан мегаполистерінің бірі, маңызды ғылыми және өнеркәсіптік орталық. Мұнда ерекше атмосфера сезіледі: жайлы, бірақ заманауи, мәдени өмірге бай және қала ырғағы қарқынды.
Ташкенттен Новосібірге рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Әуе билеттерін Uzbekistan Airways Sales бөлімшелерінен, компания агенттерінен, booking.uzairways.com сайтынан немесе Google Play мен App Store-да қолжетімді мобильді қосымша арқылы сатып ала аласыз.
Uzbekistan Airways қызмет барысында ашықтыққа, заңдылыққа және жоғары адамгершілік нормаларына ұстанады. Әуе компаниясы кез келген жемқорлық түрін қатаң түрде жоққа шығарады және ұлттық пен халықаралық жемқорлыққа қарсы заңнамаларды қатаң сақтап, серіктестер мен жолаушылар сенімін нығайтады.
Егер компания қызметі аясында жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы мәліметіңіз болса, бұл жөнінде сенім телефонына (+998) 78-140-02-00 (кейін тіл таңдап, «6» батырмасын басыңыз), (+998) 78-140-45-68, (+998) 90-998-15-06 телефон нөмірлеріне, Telegram-ботқа, anticorruption@uzairways.com электрондық поштасына немесе сайт арқылы хабарлай аласыз.
Узбекистон Эйрвейс: Ташкенттен Мәскеуге және басқа қалаларға
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар