Ташкентте қайырымдылық қорабын ұрлаған адам ұсталды

Әлеуметтік желілерде дүкеннің алдына қойылған қайырымдылық жәшігін белгісіз адамның алып кеткені көрсетілген видео таралып, көпшіліктің наразылығы мен талқылауына себеп болды. Аталған оқиға бойынша Ташкент қалалық Ішкі істер бас басқармасы ресми ақпарат берді.
Айтылғандай, 28 қаңтар күні шамамен 18:00 уақытында белгісіз адам Янгиҳаёт ауданында, «Ташаббус» махалласы аумағындағы дүкендердің бірінің алдына орнатылған садақа жәшігін ұрлап, оқиға орнынан жасырынған.
Құқық қорғау органдары жүргізген жедел шаралар нәтижесінде, осы өрескел әрекетті жасады деген күдікке ілінген азамат анықталып, ұсталды.
Мәлім болғандай, оқиға бойынша Янгиҳаёт аудандық ІІО ФМБ тарапынан тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша заңды шешім қабылдануы қамтамасыз етілетіні атап өтілді.
Қайырымдылық жәшігінен жиналатын қаражат біреуге ем, біреуге ас, біреуге үміт болады. Сондықтан «ұсақ» болып көрінетін мұндай ұрлық та қоғамдағы сенімге қатты соққы. Ең дұрысы, әркім өз үлесіне адал болсын — садақаға көз алартпай, қайырымдылық мәдениеті көбейсін.