Ташкентте Gentra маркалы көлік өртеніп кетті

Кеше, 31 январь күні сағат 22:04-те Ташкент қаласы Мирзо-Улуғбек ауданындағы Булоксой көшесінде жеңіл көліктің өртеніп жатқаны туралы Төтенше жағдайлар басқармасына хабар түскен, деп хабарлайды Ташкент қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.
Осы үндеуден кейін өрт-құтқару бригадалары оқиға орнына үш минутта, яғни сағат 22:07-де жетті. Өрт сағат 22:14-те толық сөндіріліп, оның кең таралуына жол берілмеді.
Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себептері қазір анықталуда. Өрт шыққан көлік Gentra маркалы екені белгілі болды.


















Пікірлер 0
…