date

Наманғанда жалған дәрі өндіру әшкереленді

Наманганда жасанды дәрі өндіру әшкереленді
Наманган қаласында биологиялық белсенді қоспалар атымен жасырын жасанды дәрі-дәрмек өндіретін цех анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Цехтан 138 мың қорап өнім мен шамамен 30 миллиард сомға жуық шикізат тәркіленді. Мəліметтерге сəйкес, кәсіпорын тек биологиялық белсенді қоспалар шығаруға рұқсаты болған, бірақ іс жүзінде тоғыз түрлі жасанды дәрі-дәрмек өндірген.

Олардың арасында танымал брендтердің жалған нұсқалары анықталған: “Пиковит” орнына “Пивовит”, “Канефрон” орнына “Канасерон”, “Эспумизан” орнына “Эспуметик” және “Нистатин” орнына “Неститам” өнімдері дайындалған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жасанды дәрілік заттар Ферғана жазығына, Ташкентке және басқа аймақтарға жеткізілген.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Наманғанда жалған дәрі өндіру әшкереленді