
15 желтоқсан, дүйсенбі күні Өзбекстанның Ватикандағы елшісі Фаррух Тұрсынов Рим папасы Лев XIV-ке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы "Дунё" ақпарат агенттігі хабарлады.
Фаррух Тұрсынов қазіргі уақытта Испания мен Андоррада орналасқан елшіліктерді де басқарады. Ол 1990 жылдардан бастап Сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарған – атташе қызметінен бастап департамент директоры лауазымына дейін көтерілген.
Сонымен қатар, ол Қазақстандағы (2008–2012 жылдар) және Жапониядағы (2012–2017 жылдар) дипломатиялық миссияларды басқарған. Католик шіркеуі басшысымен кездесуде дипломат Өзбекстандағы реформалар жөнінде ақпарат берді.
Ол президент Шавкат Мирзиёевтің атынан Рим папасына сәлем мен ең ізгі тілектерін жеткізді. Лев XIV Өзбекстан президенті мен халқына үлкен құрметін білдіре отырып, Ватикан мен Өзбекстан арасындағы 33 жылдық дипломатиялық қарым-қатынастар берік ынтымақтастық негізін қалағанын атап өтті.
Еске сала кетейік, Ташкент пен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 17 қазанында орнатылған.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.