
Танымал бұрынғы бапкер Арсен Венгер “Реал Мадрид” пен “Барселона” арасындағы “Эль Класико” туралы ойларымен бөлісті. “Патшалық клуб” өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Мадридтіктер сапында Килиан Мбаппе мен Джуд Беллингем гол соқты, қонақтар қатарында болса Фермин Лопес дәл соққы жасады. “Эль Класико ерлер мен балалар ойынына ұқсас еді.
“Реал Мадрид” қорғаныста “Барселонаға” қарағанда әлдеқайда мықты көрінді. “Реал” допты бақылауда ұстағанда үнемі қауіптілік сезілді, “Барселона” көп допқа ие болғанымен, шабуылда өткірлігі жоқ еді.
Чави Алонсо басқаратын командаға мұндай ойында жеңу оңай болмағанын мойындау керек”, – деді бұрынғы “Арсенал” бапкері Madrid Xtra басылымына берген сұхбатында. Бұл жеңіс “Реал Мадридке” Ла Лига кестесінде негізгі бәсекелесі “Барселонадан” 5 ұпай алға шығуға мүмкіндік берді.
Венгер: Бұл ер-азаматтар мен балалар ойыны еді
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар