date

Әлемдегі ең қымбат қорғаушылардың үздік ондығы жарияланды

Әлемдегі ең қымбат қорғаушылардың үздік ондығы жарияланды

Әйгілі Transfermarkt порталы әлем футболындағы ең қымбат қорғаушылар тізімін жаңартты. Жаңа бағалауға сәйкес, заманалық футболда қорғаушылардың рөлі артып келе жатқаны тағы да расталды.

Рейтингте бірінші орынды "Барселонаның" жас қорғаушысы Пау Кубарси иеленді. Оның нарықтық құны 80 миллион еуро деп белгіленді. Бір қызығы, Кубарсимен қатар тағы үш футболшы - "Арсеналдан" Вильям Салиба, "ПСЖ" Ашраф Хакими және "Интердің" капитаны Алессандро Бастони де дәл осы сомаға бағаланған.

Бұл төрттік қазіргі уақытта әлемдегі ең қымбат қорғаушылар ретінде танылған. Олар өз клубтарының ғана емес, ұлттық құрамаларының да негізгі тірегі саналады.

Топ-10-дықтың жалғасында да ірі клубтар мен жас дарындар басымдыққа ие. "ПСЖ" жылдам қапталдағы қорғаушысы Нуну Мендеш пен "Манчестер Ситидің" хорватиялық жұлдызы Йошко Гвардиол 75 миллион еуромен бесінші және алтыншы орындарды бөлісіп тұр.

Тізімде осы бағадағы тағы екі футболшы бар - "Арсеналдан" Габриэль Магальяес және "Реал Мадридтің" жақында трансферленген ағылшын қорғаушысы Трент Александр-Арнольд.

Бір қызығы, "Реал Мадрид" сапындағы жас дарын Дин Хёйсен 70 миллион еуромен тоғызыншы орынды иеленді. Оның жасы 19-да болса да, нарықтық құнының күрт өсуі оны болашақтағы үлкен жұлдыздардың қатарына қосты.

Топ-10-дықты қорытындылаған футболшы - "ПСЖ" қорғаушысы Виллиан Пачо. Оның құны 65 миллион еуроға бағаланған.

Мамандардың айтуынша, бұл рейтинг ойынның сапасына ғана емес, сонымен қатар нарықтағы сұраныс пен болашақтағы әлеуетке негізделген. Осы тұрғыдан алғанда, Кубарси мен Хёйсен сияқты жас қорғаушылардың жоғары орында болуы - жас ұрпақтың үлкен әлеуетін білдіреді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Әлемдегі ең қымбат қорғаушылардың үздік ондығы жарияланды