date

Шахмат Олимпиадасында аналар үшін жоба қайта оралуда


FIDE 2026 жылы Өзбекстанда өтетін Шахмат Олимпиадасында ChessMom жобасын қайта іске қоспақ. Бұл жоба кәсіби ана-шахматшыларды қолдауға бағытталған, оларға бала күтімі мен спорттық қызметін сәтті үйлестіруге мүмкіндік береді.

Жоба аясында қатысушылар баласы және оған еріп жүруші тұлғамен бірге Олимпиадаға келуі үшін қаржылай көмек алады. 2026 жылғы Олимпиадада екі жасқа дейінгі баласы бар аналар қатыса алады.

FIDE жоғары рейтингке ие он шахматшыны қолдайды, олардың ішінде әр құрлықтан кемінде бір қатысушы таңдалады. Бағдарлама аясында еріп жүрушінің ұшақ билеттеріне 1000 еуроға дейінгі шығындар өтеледі.

Бала мен еріп жүруші тұлға ресми делегация мүшелері ретінде тұру және тамақтану шығындарымен қамтамасыз етіледі. Өтінімдерді ұлттық федерациялар мен шахматшылар тапсыра алады.

Өтінімдерде шахматшы, бала және еріп жүруші жайлы ақпарат, сондай-ақ ойыншы мен федерациядан жазылған хаттар талап етіледі. ChessMom жобасының алғашқы нұсқасы 2024 жылы Будапештте өткен Олимпиадада жүзеге асырылған болатын.

Онда дүниежүзінің түрлі елдерінен алты ана-шахматшы қолдау алған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Шахмат Олимпиадасында аналар үшін жоба қайта оралуда