date

Өзбекстан жастары Азия ойындарында 81 медаль алды

Өзбекстан жастары Азия ойындарында 81 медаль алды
Бахрейнде өткен үшінші Азия жастар ойындарында Өзбекстан құрамасы 81 медаль иеленді. Оның 37-сі алтын, 16-сы күміс және 28-і қола болды.

Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. Жалпы есепте 77 спортшы, оның ішінде 42 ұл және 35 қыз медаль иегері атанды.

Екі мәрте алтын медаль иегерлері қатарында ауыр атлеттер Маржона Абдумуталова, Дилнура Холдорова және Мунисбек Давлетов бар. Өзбекстанның жеңіл атлетика өкілі Шодияна Рахмонова болса, елге екі қола медаль алып келді.

Ең жас жүлдегерлер ретінде 2010 жылы туған дзюдошылар Алина Колючева мен Дилафруз Болтабоева тұғырға көтерілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Өзбекстан жастары Азия ойындарында 81 медаль алды