
Ресейлік теннисші Камила Рахимова Өзбекстанның теннис құрамасына қосылды. Бұл туралы Өзбекстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Федерация өкілдері Рахимованың қосылуы әйелдер құрамасының әлеуетін күшейтетінін атап өтті. Желтоқсан айының басында спортшы WTA рейтингісінде 109-орында тұрған болатын.
Ресей Теннис федерациясының басшысы Шамиль Тарпищев Рахимованың Өзбекстан құрамасына ауысуын сатқындық деп есептемейтінін айтты. Оның сөзінше, Камила Рахимованың спорттық азаматтығын ауыстыру шешімі тек ойын тәжірибесін жалғастыру ниетімен байланысты.
“Біздің құрамамызға ол кіре алмас еді. Өзбекстан сапында болса, мүмкіндіктері бар.
Алайда бұл Олимпиада лицензиясын иеленуді білдірмейді. Олимпиадаға жолдама алу үшін WTA рейтингінде кемінде 60-70 орындарда болу қажет”, — деді Тарпищев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.
Камила Рахимова 2001 жылғы 28 тамызда Екатеринбург қаласында дүниеге келген. 24 жастағы теннисші жұптық сайыстарда үш WTA турнирінің чемпионы атанған.
Оның жеке рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші — 60-орын. Бұл туралы Өзбекстан Теннис федерациясы хабарлады.
Ubitennis порталының мәліметінше, Рахимова Францияның Анжер қаласында өтіп жатқан WTA 125 турниріне қатысуда. Ол турнирдің алғашқы кезеңінде ресейлік Алина Корнееваны 6:1, 6:1 есебімен жеңген.
Рахимова Өзбекстанның намысын қорғап жүрген және WTA рейтингіндегі алғашқы 200-дікке кірген екі теннисшінің бірі.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.