Deloitte рейтингінде «Реал» 1 млрд еуродан асты

Deloitte мамандары 2024/2025 маусымында футбол клубтарының кірістерін талдады. Есепке сәйкес, кірістер рейтингінде бірінші орынды Мадридтің «Реал» клубы иеленді. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Ең назар аударарлығы, өткен маусымда тек «Реал» ғана 1 млрд еуро межесінен аса алды. «Корольдік клубтың» жалпы кірісі 1,161 млрд еуроны құрады.
Екінші орында Ла Лиганың тағы бір алыбы — «Барселона»: каталондықтар 974,8 млн еуро тапқан. Үздік үштікті 860,6 млн еуро көрсеткішімен «Бавария» түйіндеді.
Топ-10 тізіміне сондай-ақ «ПСЖ» (837 млн еуро), «Ливерпуль» (836,1 млн), «Манчестер Сити» (829,3 млн), «Арсенал» (821,7 млн), «Манчестер Юнайтед» (793,1 млн), «Тоттенхэм» (672,6 млн) және «Челси» (584,1 млн) кірді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз