date

Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын белгіледі

Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын белгіледі

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтыны жөніндегі жоспарын нақтылады. Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, португалиялық футболшы қолданыстағы келісімшарты аяқталатын 2027 жылдың жазында Сауд клубынан кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады хабарлайды .

Дереккөзге сүйенсек, дәл сол кезде Роналду ойыншылық мансабын да үлкен ықтималдықпен аяқтайды. «Алтын доптың» 5 дүркін иегері 2027 жылға қарай 42 жаста болады.

Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың басынан бері ойнап келеді. Қазір 40 жастағы шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатында 16 ойында 16 гол соғып, сұрмергендер жарысында көш бастап тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын белгіледі