date

«Микель Артетаға чемпиондықты беріңіз»: Гвардиола қалай жауап берді?

«Микел Артетаға чемпиондықты беріңдер»: Гвардиола қалай жауап берді?

Англия Премьер-лигасында чемпиондық үшін тартыс қызған сәтте «Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола қатаң мәлімдеме жасады. Ол «Арсенал» жанкүйерлерінің «Микел Артетаға чемпиондықты беріңдер» деген ұранына нақты әрі кесімді жауап қайтарды.

Испаниялық маман бұл лигада ешкімге ештеңе тегін берілмейтінін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, барлық жетістік еңбек, тәртіп және күрес арқылы қол жеткізіледі.

«Оған жеңіске жетуге мүмкіндік берейін бе? Бұл қайырымдылық емес, бұл — Премьер-лига.

Маған ешкім ештеңе берген жоқ, бәрін өзім алдым. Егер Артета чемпиондықты қаласа, менің қайда екенімді біледі.

Мені шетке ысырып тастауды емес, алаңда жеңуді ойлаңдар. Мен жеңіске жетуден шаршамаймын», — деді Гвардиола.

Ол сондай-ақ «Арсеналды» чемпиондыққа лайық деп атап жүргендерге де сұрақ қойды: «“Арсенал” чемпиондыққа лайық, дейді. Неге лайық?

Өйткені екінші орынды әдемі алғаны үшін бе? Жүлделер аяушылықпен берілмейді.

Егер менің жеңістерімді қаламасаңыздар — мені тоқтатыңдар. Бәрі өте қарапайым».

Белгілі болғандай, дәл қазір чемпиондық үшін негізгі бәсеке дәл «Арсенал» мен «Манчестер Сити» арасында жүріп жатыр. Қалған командалар болса, бұл бәсекеден әлдеқашан сырт қалған.

Қысқаша айтқанда, Гвардиола белгі берді: мұнда сезім емес, нәтиже шешеді. Чемпиондықты қаласаң — сұрап емес, алу керек.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Микель Артетаға чемпиондықты беріңіз»: Гвардиола қалай жауап берді?