date

Линкольн Моуриньюді уәдесін орындамағаны үшін сынға алды

Линкольн Моуриньюді уәдесін орындамағаны үшін сынға алды

«Фенербахче» клубының бұрынғы футболшысы Линкольн Жозе Жозе Моуриньюге қатысты наразылығын ашық білдірді. Португалиялық маман 2024–2025 маусымында Ыстамбұл клубын басқарған. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Линкольннің айтуынша, Моуринью оған берген уәдесін орындамаған әрі ойыншыға құрметсіздік танытқан. Fanatik басылымына берген сұхбатында: «Ол өте көп жетістікке жетті, мұны ешкім жоққа шығармайды. Бірақ мен үшін өмірде мінез жүлделерден маңыздырақ», — деді футболшы.

Оның сөзінше, «Халл Сити» клубына жалға кетер алдында Моуриньюмен сөйлескен, бапкер оны Португалиядағы жазғы жиыннан көргісі келетінін айтқан. Маусым аяқталған соң Линкольн жиынға шақыру күтті, алайда бапкермен байланысуға тырысқанда, Жозе сөйлесуден бас тартып, спорт директорына жүгінуді айтқан.

Линкольннің айтуынша, команда Португалияда болған кезде ол да Португалияда, өз үйінде болған, соған қарамастан Моуринью оны Ыстамбұлға қайта жіберіп, жеке жаттығу жасауды бұйырған. «Маған қатысты әділетсіз әрі құрметсіз қарым-қатынас болды», — деп қосты ол.

Сондай-ақ футболшы көптеген ойындарда өз позициясында ойнамаса да клубқа көмектесу үшін бар күшін салғанын, ауыр жарақаттан кейін қолдау күткенімен, оны алмағанын айтты. «Басқалар сияқты танымал емеспін, бірақ алаңда әрдайым соңына дейін күрестім», — деді Линкольн.

Қазір Жозе Моуринью «Бенфиканы» басқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Линкольн Моуриньюді уәдесін орындамағаны үшін сынға алды