«Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де ұстап қалғысы келеді

Шабуылшы Криштиану Роналду клубпен келісімшарты аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың жазында «Әл-Насрдан» кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, Сауд Арабиясы португалиялық жұлдызды елде ұстап қалу үшін оны клуб иелерінің біріне айналдыру нұсқасын қарастыруы мүмкін. Атап айтқанда, Роналдудың «Әл-Насрдағы» қазіргі үлесі 15%-ға дейін ұлғаюы ықтимал. Лига да ол кеткен жағдайда әлемдік қызығушылықтың күрт төмендеп кетпеуі үшін түрлі жоспарларды зерттеп жатыр.
Криштиану Роналду 2023 жылы еркін агент ретінде «Әл-Наср» сапына қосылды. Ағымдағы маусымда ол Сауд клубы құрамында 20 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз