Жавоҳир Синдаровқа чемпиондығы үшін пәтер сыйға тартылды

Өзбекстандық жас шахматшы, гроссмейстер және Өзбекстанға еңбегі сіңген спортшы Жавохир Синдаровқа "Imarat Development" компаниясының негізін қалаушы Марат Хайруллаевич 2 бөлмелі пәтер сыйға тартты.
Компания басшысы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол видео жазбаның астына келесідей мазмұнда пікір қалдырды:
“Нағыз жеңіс тек алаңда емес. Ол төзімділікте, тынымсыз ізденісте және өзіне деген сенімділікте көрініс табады.
Бүгінгі таңда жастарымыздың қол жеткізіп жатқан жетістіктері — болашағымыздың қаншалықты берік екенінің айқын дәлелі. Әсіресе, шахмат сияқты ақыл-ой спортында жоғары нәтижелерге қол жеткізу үлкен еңбек пен мықты ерік-жігердің жемісі.
Осындай жастарымыз барда, бізде үміт бар. Алға, чемпион Жавохир Синдаров!”
Бұл хабарлама әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынды. Көптеген қолданушылар жас чемпионды құттықтап, оған сүйсіністерін білдірді.
Кейбіреулер өз балаларының да осындай жетістіктерге жетуін тілеп, жылы лебіздерін қалдырды.
