Роналду мансабын аяқтайтын мерзімін белгіледі

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду футболшылық мансабын қашан аяқтауы мүмкін екені белгілі болды. Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, португалиялық 2027 жылдың жазында қолданыстағы келісімшарты аяқталғаннан кейін Сауд Арабиясы клубынан кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады хабар береді.
Дереккөзге сүйенсек, дәл сол кезде Роналду кәсіби футболмен де үлкен ықтималдықпен қоштасады. 2027 жылға қарай «Алтын доптың» бес дүркін иегері 42 жасқа толады.
Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың басынан бері ойнап келеді. Қазір 40 жастағы форвард Сауд Арабиясы чемпионатындағы мергендер жарысында 16 матчта соққан 16 голымен көш бастап тұр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз