date

«Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де қалдырғысы келеді

«Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де қалдырғысы келеді

Шабуылшы Криштиану Роналду 2027 жылдың жазында, «Әл-Насрмен» қолданыстағы келісімшарты аяқталған соң, командадан кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, Сауд Арабиясы португалиялық футболшыны елде ұстап қалудың жаңа жолын қарастыруда: Роналду клуб иесі ретінде «Әл-Насрдағы» үлесін қазіргі деңгейден арттырып, 15 пайызға дейін жеткізуі мүмкін. Лига да Роналду кеткен жағдайда әлемдік аудитория қызығушылығы күрт төмендеп кетпеуі үшін түрлі жоспарларды зерттеп жатыр.

Роналду 2023 жылы еркін агент ретінде «Әл-Насрға» қосылды. Ағымдағы маусымда ол Сауд клубы сапында 20 матч өткізіп, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де қалдырғысы келеді