date

Intel акциялары бір күнде 24 пайызға қымбаттады

Intel акциялары бір күнде 24 пайызға қымбаттады

АҚШ қор нарығында Intel компаниясының акциялары тоқсандық есеп жарияланғаннан кейін 23,6 пайызға қымбаттады. Сауда-саттық барысында өсім көрсеткіші 25 пайызға жетіп, компанияның бағалы қағаздарының құны 2000-жылдардағы «доткомдар көпіршігі» кезеңіндегі максималды деңгейден де асып түсті. Бір акцияның бағасы 82,54 АҚШ долларына жетіп, 1987 жылдан бері тіркелген ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бұл туралы 3dnews.ru хабарлайды.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, АҚШ үкіметі өткен жылдың тамыз айынан бері иелік етіп келе жатқан Intel акциялары пакетінің құны 36 млрд АҚШ долларына жетті. Егер үкімет бұл активтерді қазір сатса, номиналды пайда 27 млрд АҚШ долларын құрайды. Жасанды интеллект саласындағы қарқынды даму Intel процессорларына деген сұранысты арттырып, компанияны дағдарысты жағдайдан шығаруға көмектесті.

Бұл оң үрдіс саладағы басқа компанияларға да әсер етті. AMD акциялары 14 пайызға, Arm бағалы қағаздары болса 12 пайызға қымбаттады. Nvidia компаниясының капиталдануы 4,3 пайызға өсіп, 5 трлн АҚШ доллары шегінен өтті. Дональд Трамп бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, АҚШ-тың қайтадан чип өндіру орталығына айналып жатқанын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Intel акциялары бір күнде 24 пайызға қымбаттады