date

Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» Азияда тағы жеңілді

Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» Азияда тағы жеңілді

Леонид Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» Азия Чемпиондар лигасындағы кезекті матчта да ұпайсыз қалды. Қытай клубы жалпы кезеңнің 6-турында сырт алаңда Жапонияның «Хиросима» командасына 0:1 есебімен жеңілді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Ойын тағдырын 78-минутта соғылған гол шешті: алаң иелері сапында қорғаушы Хаято Араки дәл соққымен командасына үш ұпай алып берді. Бұл нәтиже «Шанхай Шэньхуа» үшін турнирдегі қатарынан үшінші жеңіліс болды.

Алты турдан кейін Слуцкийдің командасы 4 ұпаймен кестеде 11-орында келеді. «Хиросима» 11 ұпай жинап, үшінші сатыға орналасты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» Азияда тағы жеңілді