Слуцкий командасы Азия Чемпиондар лигасында тағы да жеңілді

Леонид Слуцкий баптайтын «Шанхай Шэньхуа» Азия Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынды да ұпайсыз аяқтады. Қытай клубы жалпы кезеңнің 6-турында сырт алаңда «Санфречче Хиросимаға» 0:1 есебімен есе жіберді. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Ойын тағдырын 78-минутта алаң иелері шешті: қорғаушы Хаято Араки дәл соққымен есеп ашты. Бұл жеңіліс «Шанхай Шэньхуа» үшін турнирдегі қатарынан үшінші сәтсіз нәтиже болды.
Алты турдан кейін Слуцкий командасының еншісінде 4 ұпай бар және ол турнир кестесінде 11-орында келеді. «Хиросима» болса 11 ұпаймен үздік үштікте тұр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз