date

Флорентино Перес Вальверде мен Тчуамени арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Флорентино Перес Вальверде мен Тчуамени арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Real Madrid жартылай қорғаушылары Федерико Вальверде мен Орельен Тчуамени арасындағы жанжал клуб ішінде үлкен резонанс тудырды. Клуб президенті Флорентино Перес баспасөз мәслихатында бұл жағдайға түсініктеме бере отырып, команда ішінде мұндай келіспеушіліктер бұрын да болғанын және бұл футболдың бір бөлігі екенін атап өтті. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Пересті ең қатты ренжіткен нәрсе — жанжалдың өзі емес, бұл ақпараттың баспасөзге тарап кетуі болды. Оның айтуынша, ойыншылар өзара келісе алады, бірақ клуб ішіндегі әңгіменің сыртқа шығуы команданың беделіне нұқсан келтіреді. Президент бұл ақпаратты кім таратқанын анықтағандарын да қосты.

Төбелес салдарынан Федерико Вальверде басынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Клуб дәрігерлері оған мидың шайқалуы диагнозын қойып, футболшыға 10-14 күн демалу керектігін белгіледі.

Орельен Тчуамени болған оқиға үшін кешірім сұрап, Real Madrid сияқты әлемдегі ең танымал клубта мұндай әрекеттердің орынсыз екенін мойындады. Клуб басшылығы ішкі тергеуден кейін екі футболшыны да 500 мың еуро көлемінде айыппұлға жығып, тәртіптік істің жабылғанын жариялады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Флорентино Перес Вальверде мен Тчуамени арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді