date

Қытай орбитаға тағы 18 интернет-спутнигін сәтті шығарды

Қытай орбитаға тағы 18 интернет-спутнигін сәтті шығарды

Қытай өзінің жаһандық интернет-инфрақұрылымын кеңейту аясында кезекті қадам жасады. SpaceSail (Qianfan) жобасы бойынша 18 жаңа спутник ғарышқа сәтті ұшырылды. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды. мәлімдейді.

Бұл миссия Вэньчан ғарыш айлағынан Long March-8 (Changzheng-8) зымыранының көмегімен жүзеге асырылды. Аталған спутниктер Ku, Q және V диапазондарында жұмыс істейді және оларды Shanghai Spacesail Technologies компаниясы Шанхай үкіметінің қолдауымен әзірлеген.

Жоспар бойынша, 2030 жылдың соңына дейін жүйе құрамындағы спутниктер санын 15 мыңға жеткізу көзделген. Бұл жоба Қытайдың жаһандық ауқымда интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады.

Long March-8 зымыраны өзінің алтыншы ұшуын орындады. Бұл жаңа буын тасығышы төменгі орбитаға 7,6 тоннаға дейін жүк жеткізе алады. Бүгінгі ұшырылым Changzheng зымырандар әулеті үшін тарихи 643-ші сәтті миссия болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Қытай орбитаға тағы 18 интернет-спутнигін сәтті шығарды