DeepSeek Ресейде VPN-сіз қайтадан жұмыс істей бастады

Қытайлық DeepSeek нейрожелісі Ресей аумағында қалыпты режимде жұмыс істей бастады. Ақауларды бақылау сервистерінің деректеріне сәйкес, платформаға кіруге қатысты мәселелер шешілді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Бұған дейін ресейлік қолданушылар DeepSeek қызметін пайдалана алмай жатқандары туралы жаппай хабарлаған болатын. Сол уақытта нейрожелі тек VPN арқылы жұмыс істеді және detector404.ru сайтында бір сағаттың ішінде мыңнан астам шағым тіркелген еді.
Ресейдің тиісті мекемелері мен БАҚ дереккөздері елде ешқандай ресми бұғаттау орнатылмағанын растады. Қазіргі уақытта қолданушылар сервисті ешқандай шектеусіз пайдалана алады.
Анықтама үшін, DeepSeek стартапы жақында өзінің флагмандық моделі V4-Pro бағасын тұрақты түрде 75 пайызға төмендеткен еді. Бұл жасанды интеллект нарығындағы бәсекелестікті одан әрі күшейтеді деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!