Xiaomi компаниясының жаңа Poco Pad C1 планшеті 150 доллардан сатылымға шықты

Xiaomi компаниясы өзінің Poco суббренді астындағы ең жаңа планшеті — Poco Pad C1 моделінің халықаралық сатылымын бастады. Қазіргі таңда құрылғы Малайзия, Сингапур және Тайланд нарықтарында ресми түрде сатылымға шығарылды. Бұл планшет бұған дейін таныстырылған Poco Pad M1 моделінің ықшам әрі қолжетімді баламасы болып табылады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Азия нарығында Poco Pad C1 сатып алушыларға екі түсте — көк (Blue) және сұр (Grey) нұсқаларында ұсынылуда. Жад конфигурациясына қарай планшеттің екі түрлі нұсқасы бар. 4 ГБ жедел және 64 ГБ тұрақты жады бар базалық модель аймаққа байланысты шамамен 130–150 доллар шамасында бағаланған.
Құрылғының жоғары нұсқасына 6 ГБ жедел және 128 ГБ тұрақты жад орнатылған, оның бағасы шамамен 180 долларды құрайды. Poco Pad C1 техникалық жағынан Qualcomm Snapdragon 6s 4G Gen 2 чипсетіне негізделген, ол күнделікті тапсырмалар мен мультимедиа үшін жеткілікті қуатты қамтамасыз етеді.
Планшет 9,7 дюймдік IPS экранға ие, оның кескін анықтығы 2048 x 1280 пиксельді, ал кадр жаңарту жиілігі 120 Гц-ті құрайды. Құрылғының аккумулятор сыйымдылығы 7600 мА/сағ, ол 18 Вт қуаттау технологиясын қолдайды. Планшеттің өлшемдері 226,51 x 147,97 x 7,4 мм, ал салмағы 406 граммға тең.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!