Spotify енді журнал мақалаларын аудио форматта ұсынады

Spotify платформасы аудио әлеміндегі орнын нығайту мақсатында жаңа функцияны іске қосты. Енді пайдаланушылар қосымша арқылы беделді журналдардың ұзақ мақалаларын аудио форматта тыңдай алады. Бұл жаңалық Premium жазылушылары үшін ай сайынғы 15 сағаттық аудиокітап тыңдау лимиті аясында ұсынылады. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .
Қазіргі уақытта платформада Rolling Stone, The Atlantic, Vogue, Variety, Billboard және Wired сияқты танымал басылымдардың 650-ден астам мақаласы орналастырылған. Әзірге бұл контент тек ағылшын тілінде қолжетімді, ал тегін пайдаланушылар әр мақаланы жеке 1,99 долларға сатып ала алады. Spotify өкілдерінің айтуынша, мақалалар адам дауысымен де, жасанды интеллект (digital voice) көмегімен де дыбысталған.
Компания осы қадам арқылы пайдаланушыларды музыка мен подкасттардан бөлек, ұзақ уақытқа созылатын аудио контенттерге үйретуді көздеп отыр. Бұл болашақта аудиокітаптар сегментінің табыстылығының артуына қызмет етеді. Spotify Audiobooks лицензиялау бөлімінің басшысы Colleen Prendergast қысқа пішімдегі контенттер пайдаланушыларда салауатты тыңдау әдеттерін қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
Соңғы апталарда Spotify жасанды интеллект саласында бірқатар жаңалықтарды жариялады. Олардың қатарына Google NotebookLM сияқты AI-генерацияланған подкасттар, авторлар үшін аудиокітап жасау құралдары және AI-каверлер кіреді. Жаңа мақалалар функциясы да платформаның жалпы аудио экожүйесін байытуға бағытталған стратегияның бір бөлігі болып табылады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!