date

Трамп әкімшілігі Volvo компаниясына АҚШ-та автокөлік сатуға рұқсат берді

Трамп әкімшілігі Volvo компаниясына АҚШ-та автокөлік сатуға рұқсат берді

Volvo Cars компаниясы Трамп әкімшілігімен келісімге қол жеткізді, оған сәйкес автокөлік өндірушісі Қытайдың байланыс технологияларына қойылған шектеулерден босатылды. Басым бөлігі Қытайдың Geely Holding компаниясына тиесілі шведтік бренд сейсенбі күні АҚШ Сауда министрлігінен қытайлық бағдарламалық жасақтамасы бар автокөліктерді импорттауды және сатуды жалғастыру үшін арнайы рұқсат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Бұл технологиялар смартфондармен синхрондаудан бастап, автономды басқару функцияларына дейінгі барлық бағдарламалық жасақтаманы қамтиды. Қаңтар айында Байден әкімшілігі ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қытайлық компаниялар әзірлеген бағдарламалық және аппараттық құралдары бар автокөліктерге тыйым салу ережелерін бекіткен болатын. Volvo дәл осы ережелер аясында шектеуге ілінеді деп күтілген еді.

Volvo өкілдерінің айтуынша, бұл рұқсат Сауда министрлігімен және басқа да ресми тұлғалармен компанияны басқару, технологиялар мен деректер қауіпсіздігі бойынша өткізілген «сындарлы келіссөздер» нәтижесінде берілді. Енді компания АҚШ нарығындағы кеңею жоспарларын, соның ішінде Оңтүстік Каролинадағы зауытында XC60 және жаңа гибридті модельдерін шығаруды жалғастыра алады.

Сондай-ақ, Volvo өзінің еншілес кәсіпорны Polestar брендінің Polestar 3 электромобилін өндіруді толығымен АҚШ-қа көшіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұл модель Қытайдың Чэнду қаласында да шығарылуда. Жаңа ережелер, сонымен қатар, Baidu’ның Apollo Autonomous Driving, Pony.ai және WeRide сияқты қытайлық компанияларға АҚШ-та жүргізушісіз автокөліктерді сынақтан өткізуге тыйым салуды да қарастырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Трамп әкімшілігі Volvo компаниясына АҚШ-та автокөлік сатуға рұқсат берді