Meta Instagram және Facebook үшін Reels Series функциясын сынақтан өткізуде

Meta компаниясы Instagram және Facebook платформаларында Reels үшін жаңа “Series” (Топтамалар) функциясын сынақтан өткізуді бастады. Бұл жаңалық пайдаланушыларға сериялық контентті бақылап отыруды жеңілдетуге бағытталған. Таңдаулы контент жасаушылар енді өздерінің жаңа және ескі Reels видеоларынан тұратын арнайы топтамалар жасай алады. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .
Әрбір Reels видеосы үлкен оқиғаның бір бөлігіне, яғни эпизодқа айналады және автордың профилінде бөлек бөлімде көрінеді. Бұл функция TikTok платформасындағы тәжірибеге ұқсас және Meta пайдаланушыларды жай ғана жылдам скроллинг жасаудан гөрі, ұзақ мерзімді және жүйелі видеоларды көруге үйреткісі келеді. Осы арқылы әлеуметтік желі алпауыты аудиторияның тұрақты түрде қайтып келуін қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Контент жасаушылар үшін бұл функция сабақтарды, челлендждерді және басқа да топтамалық видеоларды ретпен орналастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, “10 күндік пайдалы тағамдар” жобасы аясындағы барлық видеолар бір топтамаға жиналады. Пайдаланушылар видеоларды ретімен көріп, тоқтаған жерінен жалғастыра алады.
Meta өкілдерінің TechCrunch басылымына хабарлауынша, компания бұл жаңа функцияны монетизациялау жолдарын да қарастыруда. Естеріңізге сала кетейік, TikTok 2023 жылы өзінің Series функциясын іске қосқан болатын, онда авторлар ақылы контенттер топтамасын жасай алды. Meta да болашақта осындай модельді енгізуі мүмкін.



















Пікірлер 0
…