date

Қорғаныс министрлігі колл-орталық іске қосты

Қорғаныс министрлігі call-орталық іске қосты
Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің жанында call-орталықтың жұмыс істей бастағаны туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Енді азаматтар мен ұйымдар министрлік құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жедел жауап ала алады.

Call-орталыққа 1530 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады. Орталықтың мамандары әскери қызмет, жұмылдыру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және басқа бағыттар бойынша кеңес береді.

Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралады және олардың құпиялығы кепілдендіріледі. Министрлікте атап өтілгендей, заң бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты хабарламалар тексеріледі және қажетті шаралар қолданылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Қорғаныс министрлігі колл-орталық іске қосты