
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан жолдарында 1,3 мың адам жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапты. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында мәлім етілді.
Өткен жылмен салыстырғанда қаза болғандар саны 4,8 пайызға азайған, жарақат алғандар болса 4,7 мыңнан 4,6 мың адамға қысқарған. Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің төрағасы Құтбиддин Бурхановтың сөзінше, осы кезеңде елде 5,8 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алған, бұл өткен жылға қарағанда 3,8 пайызға кем.
Жаяу жүргіншілерге байланысты оқиғалар да азайған – 2855-тен 2689-ға дейін, бұл 5,8 пайыздық төмендеуді көрсетеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар