date

Өзбекстан БҰҰ-ның су және денсаулық туралы хаттамасына қосылды


Өзбекстан су және денсаулық мәселелеріне қатысты БҰҰ Протоколына қосылды. Бұл шешімнің маңызды мәнге ие екені атап өтілді.

Аталған құжат 29 елді біріктіріп, сумен қамту, санитария және гигиена жүйелерін нығайтуға қызмет етеді. Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы Ольга Миршинаның айтуынша, климаттың өзгеруі мен су тапшылығы мәселелері елге үлкен әсерін тигізуде.

Оның айтуынша, протокол көпшілік орындарда санитарлық-гигиеналық нормаларды енгізуде маңызды құрал болады. Бұл құжат экология, су ресурстары және денсаулық сақтау салаларын тікелей байланыстыратын жалғыз халықаралық құқықтық келісім болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан БҰҰ-ның су және денсаулық туралы хаттамасына қосылды