date

Шават-Дашоғыз сауда аймағы іске қосылды


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов жаңа бірлескен шекаралық сауда аймағы — «Шават-Дашоғызды» іске қосты. Аталған аймақта қазіргі уақытта әкімшілік ғимараттар, кеден, фитосанитария, ветеринария және карантин қызметі бекеттері, сауда павильоны мен қоймалар жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, бұл жерде «бір терезе» қағидасы негізінде мемлекеттік қызметтер, интерактивті сервистер, банк және медициналық қызметтер көрсетіледі. Аймақта қонақүй мен үлкен автотұрақ та бар.

Бұл сауда аймағының ашылуы Өзбекстанның Хорезм облысы мен Түрікменстанның Дашоғыз облысы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға қызмет етеді. Осы аймақтарда 3,5 миллионнан астам халық тұрады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Шават-Дашоғыз сауда аймағы іске қосылды