date

Тәжікстан президентінің қызы 10 жастағы Қабылжонның анасына 30 мың доллар көлемінде көмек көрсетті

Тәжікстан президентінің қызы 10 жастағы Қабылжонның анасына 30 мың доллар көлемінде көмек көрсетті

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмон Мәскеудегі қайғылы оқиғадан кейін 10 жастағы Қабылжан Әлиевтің анасы Нилуфар Сафоеваға материалдық көмек көрсетті. Озода Рахмонның 30 мың АҚШ долларына тең 300 мың сомони көлемінде көмек көрсеткені белгілі болды. Бұл туралы Тәжікстанның "Ховар" мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл көмек бастамасы қоғамдағы бірлікті, адами құндылықтар мен мейірімділікті көрсету мақсатында жүзеге асырылған. Бұл бастаманы қолдаған Тәжікстан үкіметі Қабылжанның анасына үй сыйлаған, сондай-ақ кәсіпкер Омар Алиматов оған айына 10 мың сомони жалақымен жұмыс беруге уәде берген.

Естеріңізге сала кетейік, 16 декабрь күні Мәскеу облысындағы мектепте болған қайғылы шабуылда 10 жастағы оқушы Қабылжан Әлиев қаза тапты. Бұл оқиға жалпы жұртшылықтың наразылығын тудырды, Тәжікстан мен Ресей ресмилері бұл жағдайды қатаң айыптады және кінәлілер заң алдында жауапқа тартылатынын атап өтті.

Осылайша, бұл көмек Тәжікстанның өзінің гуманитарлық құндылықтарын тағы бір рет көрсету және қоғамдағы көмек пен ынтымақтастықты көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Тәжікстан президентінің қызы 10 жастағы Қабылжонның анасына 30 мың доллар көлемінде көмек көрсетті