date

Хиуада алғашқы ақылды қала-музей құрылмақ

Хивада орналасқан Ичан-Қала кешені
Хивада орналасқан "Ичан-Қала" кешені әлемдегі алғашқы интерактивті ақылды қала-музейге айналады. Бұл бастама Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиеёвтың шешімінде қарастырылған.

Бұдан бөлек, "Самарқанд мұра жолы" деп аталатын жаңа туристік бағытты ұйымдастыру жоспарланған. Ал Ташкентте модернизм ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізуге және қаланы мозаика саны бойынша жетекші ретінде мойындатуға ұмтылыс жасалады.

Туристік өнімдерді насихаттау комитетінде төраға орынбасары лауазымы енгізіледі. Бұл лауазым иесі Ұлттық PR-орталық пен шетелдегі өкілдіктердің қызметін ұйымдастырумен айналысады.

Аталған өкілдіктер бірқатар елдерде ашылып, Өзбекстан туризмін насихаттайды. Комитетке визасыз режимді кеңейту, кіру шарттарын жеңілдету және туристік-көлік логистикасын дамыту бойынша ұсыныстар дайындау міндеті артылған.

2026 жылдан 2040 жылға дейінгі жаңа туризмді дамыту стратегиясы және 2030 жылға дейінгі маркетингтік стратегия жасалады. Бұл стратегия шетелдік нарықтарда туристік өнімдерді ілгерілетуді қарастырады.

Сондай-ақ, сауда орталықтарына әлемнің танымал киім брендтерін тарту және ұлттық стильдегі аутлет-орталықтар салу көзделген. 2030 жылға дейін мұндай орталықтар Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хивада, келешекте басқа да туристік қалаларда салынады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Хиуада алғашқы ақылды қала-музей құрылмақ