Өзбекстан 2026–2027 жылдары Малайзия мен Индонезиядан 100 мың турист қабылдайды

Өзбекстан 2026–2027 жылдары «Умра Плюс» бағдарламасы аясында Малайзия мен Индонезиядан келетін туристер ағынын 100 мың адамға дейін арттыруды мақсат еткен. Бұл туралы kursiv.uz хабарлайды. хабарлайды .
Бағдарламаға сәйкес, қонақтар Ташкент, Самарқанд және Бұхараға саяхат жасау мүмкіндігіне ие болады. Шетелдік туристерді тарту үшін Рамазан айт пен Құрбан айтқа арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, сондай-ақ «Имам Бұхари ізімен» және «Рамазанды Өзбекстанда өткізіңіз» атты жарнамалық науқандар іске қосылуы көзделген.
Осы бағыт бойынша турист әкелген туроператорларға әрбір қонақ үшін 100 доллар мөлшерінде субсидия беріледі. Маусымнан тыс кезеңде — 20 қарашадан 20 ақпанға дейін, сондай-ақ шілде айында — туристерге тарихи нысандарды тамашалау, қонақүйлерде тұру және тамақтану қызметтеріне жеңілдіктер ұсынылады.
Жоспарды іске асыру үшін 10-ға дейін ұшақты тарту және жаңа әуе рейстерін ашу жоспарланған. Атап айтқанда, Куала-Лумпур – Самарқанд, Куала-Лумпур – Бұхара – Жидда, Джакарта – Самарқанд – Жидда және Джакарта – Бұхара – Жидда бағыттарын іске қосу күтіледі.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!