date

2,8 мың әйел кәсіпкерлікке үйретіледі

2,8 мың әйел кәсіпкерлікке үйретіледі
2026-2027 жылдары 2,8 мың өзбекстандық әйел кәсіпкерлікке үйретіледі. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің әйелдерді қолдауға қатысты қаулысында айтылған.

Әйелдерді кәсіпкерлікке дайындаумен «Hamroh» компаниясы айналысады. Бұл компания өз қызметін елдегі әйелдерді қолдауға бағыттаған.

Сонымен қатар, «Hamroh» 6 мың әйел үшін жобаларды жүзеге асыруға 2 трлн сум бөледі және тағы 2 мың әйелге көмек көрсетеді. Бұдан бөлек, алдағы жылдан бастап әйелдердің шағын және орта бизнесін қолдау мақсатында банктер арқылы несие беріле бастайды.

Аталған несиелердің көлемі 25 мың базалық есептік мөлшерге (10,3 млрд сум) тең болады. Бұл қаражаттар «Hamroh» компаниясы арқылы кәсіпкерлікті дамыту компаниясынан алынады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » 2,8 мың әйел кәсіпкерлікке үйретіледі