date

Шавкат Мирзиёев сауда кедергілерін жоюды ұсынды

Шавкат Мирзиёев сауда тосқауылдарын жоюды ұсынды
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысында кезең-кезеңімен саудадағы тосқауылдарды жою, үрдістерді жеңілдету және талаптарды біржақты ету бойынша "жол картасын" әзірлеуді ұсынды.

"Техникалық реттеу, сертификаттау және кедендік басқару салаларындағы айырмашылықтармен байланысты мәселелерді тез арада шешу үшін тарифтік және тарифтік емес тосқауылдар бойынша "Өзбекстан–ЕАЭО" бірлескен үйлестіру тобын құруды ұсынамыз", – деді мемлекет басшысы.

Мирзиёев, сондай-ақ, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, химия және басқа салаларда ортақ жобалар тізімін жасауды ұсынды. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық және "жасыл" жобалар, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша Еуразия даму банкі шеңберінде жоспар әзірлеу керектігін атап өтті.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы цифрлық платформаларды интеграциялау жөнінде "жол картасын" әзірлеуді, соның ішінде электрондық сауда және цифрлы таңбалау бағыттарын ұсынды. Ташкент ЕАЭО-ның биомедицина, энергетика және робототехника салаларындағы жобаларына қызығушылық танытуда.

Өзбекстан туризм саласында ортақ ақпараттық ресурс құруда ынтымақтастық жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Шавкат Мирзиёев сауда кедергілерін жоюды ұсынды