date

Өзбекстанда 25 декабрьде ауа температурасы көтеріледі

Өзбекстанда 25 декабрьде ауа температурасы көтеріледі

Узгидромет 25 декабрьге арналған ауа райы болжамын жариялады. Оның айтуынша, бейсенбі күні ел аумақтарында ауа температурасы салыстырмалы түрде көтеріліп, қысқы жұмсақ ауа райы байқалады.

Ташкент қаласында ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Қарақалпақстанда кей жерлерде жаңбыр немесе қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 3 градус суықтан 2 градус жылыға дейін, күндіз 0-5 градус жылы болады. Хорезм облысында жауын-шашын күтілмейді, күндіз 2-7 градус жылы ауа сақталады.

Бұхара және Науаи облыстарында ауа райы тұрақты, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндізгі температура 7-12 градусқа жетеді. Ташкент, Сырдария, Жызақ және Самарқант облыстарында күндіз 8-13 градус жылы болады.

Қашқадария және Сұрхандария облыстарында да жауын-шашын күтілмейді, күндіз ауа температурасы 8-13 градус жылы болады. Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында күндіз 3-8 градус жылы ауа сақталады.

Тау бөктерінде және таулы аймақтарда жауын-шашын болмайды, бірақ жел кей жерлерде күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 3-8 градус жылы болады.

Мамандар ауаның салыстырмалы жылынуы аясында атмосфералық инверсия күшейіп, PM2,5 және PM10 бөлшектері төменгі қабаттарда жиналуы мүмкін екенін атап өтуде. Бұл жағдай апта соңына дейін сақталуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда 25 декабрьде ауа температурасы көтеріледі