date

Өзбекстан бойынша Құрбан айт намазының уақыты жарияланды

Өзбекстан бойынша Құрбан айт намазының уақыты жарияланды

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының баспасөз қызметі елдегі мешіттерде Құрбан айт намазы оқылатын уақытты жариялады. Айт намазы 2026 жылғы 27 мамыр, сәрсенбі күні оқылады.

Ташкент қаласындағы мешіттерде айт намазы таңғы сағат 05:10-да басталады. Ташкент облысында да намаз дәл осы уақытта оқылады.

Аймақтар бойынша айт намазының уақыты төмендегідей белгіленді:

 - Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында — 05:05;
 - Сырдария және Жызақ облыстарында — 05:20;
 - Самарқанд және Сурхандария облыстарында — 05:30;
 - Қашқадария, Науаи және Бұхара облыстарында — 05:35;
 - Хорезм облысында — 05:50;
 - Қарақалпақстан Республикасында — 05:55.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының мәліметінше, намаз уақыты күн шыққаннан кейінгі 15-20 минуттық айырмашылықты ескере отырып белгіленген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан бойынша Құрбан айт намазының уақыты жарияланды