date

Жаңа Volga модельдерінің бағасы жарияланды: Сатылым маусым айында басталады

Жаңа Volga модельдерінің бағасы жарияланды: Сатылым маусым айында басталады

Volga компаниясы сатылым алдында жаңа автокөлік желісінің бағасын жариялады. Нарыққа бір уақытта үш модель — Volga C50 седаны және Volga K40 пен Volga K50 кроссоверлері шығады. Өндіруші жаңа модельдерде заманауи технологиялар мен қауіпсіздік жүйелеріне ерекше назар аударған. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Желідегі негізгі седан — Volga C50 моделі 150 немесе 200 ат күшіне ие 2,0 литрлік турбоқозғалтқышпен, алдыңғы жетекпен және 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабымен жабдықталған. Бұл модельдің бағасы 2,9 миллион рубльден басталады. Ал Volga K40 кроссовері 1,5 және 2,0 литрлік қозғалтқыштармен, алдыңғы немесе толық жетекпен және 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен ұсынылады. Оның бастапқы бағасы 2,75 миллион рубль деп белгіленді.

Флагман саналатын Volga K50 моделі 238 ат күшіне ие 2,0 литрлік қозғалтқышпен, толық жетекпен және 8 сатылы автоматты трансмиссиямен қамтамасыз етілген. Бұл кроссовердің бағасы 4,2 миллион рубльден басталады. Автокөліктерге 5 жыл немесе 150 мың шақырым қашықтыққа ресми кепілдік берілетіні мәлім болды.

Жаңа автокөліктер жоғары деңгейдегі жайлылықпен жабдықталған. Атап айтқанда, салонда 12 динамигі бар акустикалық жүйе, жүргізуші мен жолаушы орындықтары үшін массаж, жад және желдету функциялары бар. Сондай-ақ жүргізушіге көмектесетін электронды ассистенттер мен екінші қатар орындықтарын электр көмегімен реттеу мүмкіндігі қарастырылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Жаңа Volga модельдерінің бағасы жарияланды: Сатылым маусым айында басталады