Англия Премьер-лигасының 6-турында Микель Артета жаттықтыратын "Арсенал" сырт алаңда "Ньюкасл Юнайтедпен" күш сынасып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Алдымен, кездесудің 34-минутында Ник Вольтемаде Раяның қақпасына гол соғып, есеп ашты. Екінші таймның 84-минутында алаңға қосалқы құрамнан шыққан Микель Мерино есепті теңестірді. Екінші таймға қосылған минуттардың алтауында Габриэль Магалайнс бұрыштан асырылған допты басымен теуіп, гол соқты.
Осы арқылы "канонирлер" камбэк жасап, маңызды кездесуде 3 ұпайға қол жеткізді. Лондон клубы ұпай санын 13-ке жеткізіп, 2-орынға көтерілді. Ал "Ньюкасл" 6 ұпаймен 16-орында қалды.
АПЛ. 6-тур
Ньюкасл - Арсенал 1:2
28 сентябрь, "Сент Джеймс Парк"
Голдар: Вольтемаде (34) - Мерино (84), Габриэль (90+6).
Ньюкасл - Поуп, Ливраменто (Ласселес, 77), Тиау, Ботман, Берн, Гимараэс, Тонали, Жоэлинтон (Барнс, 90+4), Мерфи (Эланга, 67), Гордон (Триппиер, 67), Вольтемаде (Осула, 67).
Арсенал - Райя, Тимбер, Москера (Салиба, 46), Габриэль, Калафиори (Мерино, 70), Эзе, Субименди (Эдегор, 82), Райс, Сака (Мартинелли, 70), Троссар (Льюис-Скелли, 88), Гокереш.
Ескертулер: Калафиори (56), Жоэлинтон (83), Берн (88).
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!