
Узбекистан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026–2030 жылдарға арналған Тұрақты даму жөніндегі жаңа Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Салтанатты рәсім Ташкенттегі Әлемдік экономика және дипломатия университетінде өтті.
Аталған бағдарлама адамдардың өмір сапасын жақсартуға, теңсіздікті азайтуға және барлығы үшін тең мүмкіндік қамтамасыз етуге бағытталған. Оның жүзеге асуына БҰҰ-ның 25 агенттігі, қоры мен бағдарламалары қатысады және елдің даму мақсаттарына жетуіне көмектеседі.
Ынтымақтастық алты негізгі бағытты қамтиды. Әсіресе, Қарақалпақстан өңіріне ерекше көңіл бөлінген.
Бағдарлама жұмыс орындарын құруды, білім беруді жақсартуды және халыққа таза ауызсу жеткізу бастамаларын қолдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар