Узбекистанда орташа айлық 20 пайызға өсті

Ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде Узбекистан халқы орташа есеппен айына 6,2 миллион сом табыс тапты. Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20% ға артқан.
Ең жоғары табыс банк, сақтандыру компаниялары мен IT саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге тиесілі болып, олардың айлық жалақысы 15-17 миллион сомды құрайды. Ташкентте орташа айлық 10 миллион сомнан асқан, ең жылдам табыс өсуі Самарқанд облысында байқалған.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларында айлық ең төмен болып, шамамен 4 миллион сомды құрайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз