date

Оңтүстік Кореяда өзбекстандық терроризмге күдіктелуде

Оңтүстік Кореяда өзбекстандық терроризмге күдіктелуде
Оңтүстік Кореяда 29 жастағы өзбекстандық студент қамауға алынды. Chosun басылымының мәліметінше, ол Африкада құдықтар қазу қайырымдылық жобасы желеуімен қаржы жинап, оның бір бөлігін ХАМАС пен "Әл-Қаида" ұйымдарымен байланысты топтарға аударған.

Күдікті әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, экстремистік мазмұндағы жазбалар мен соғысқа шақырулар жариялаған. Қаржы екі жолмен жиналған: криптовалюта арқылы және өзбекстандықтар үшін құрылған футбол клубы арқылы қолма-қол ақша түрінде.

Енді оған он жылға дейін бас бостандығынан айыру және ірі көлемде айыппұл салу қаупі төніп тұр. Тергеу жалғасуда, полиция студентке көмектескен басқа адамдардың бар-жоғын және жиналған ақшаның тағы қайда бағытталғанын анықтауға тырысуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Оңтүстік Кореяда өзбекстандық терроризмге күдіктелуде