
Ресейде "Заңсыз-2025" операциясы аясында елден 4,3 мыңнан астам шетелдік шығарылады. Бұл туралы Мәскеу облысы Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Татьяна Петрова хабарлады.
Оның айтуынша, соттар Ресей заңнамасын бұзған мигранттарды елден шығару бойынша 4,3 мыңнан астам шешім қабылдаған. Операция барысында миграция саласында 15,7 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған.
Құқық қорғау органдары мыңдаған миграциялық заң бұзушылықтарды тіркеді. 10 мыңнан астам хаттама Ресейде болу мерзімі мен ережелерін бұзғаны үшін толтырылса, 2,1 мыңнан астам хаттама шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметіне қатысты жасалған.
Сонымен қатар, мигранттардың еңбегін рұқсатсыз пайдаланған жұмыс берушілерге қатысты да 1,6 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, тергеушілердің ақпараты бойынша, 748 қылмыстық іс ашылған.
Ең көп кездесетін құқықбұзушылықтардың қатарында келгендерді жалған тіркеу (430 жағдай) және миграцияға қатысты құжаттарды қолдан жасау (235 жағдай) тіркелген. Бұдан бөлек, заңсыз есірткі заттардың айналымына байланысты 29 іс, басқа құқықбұзушылықтар бойынша 24 іс қозғалған.
Операцияның бірінші кезеңі 16-25 маусым күндері, екінші кезеңі биылғы жылдың 13-22 қазан күндері өткізілген.
Ресей 4,3 мың заңсыз мигрантты шығармақ
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз