
2023 жылғы 4 қараша күні 34 жастағы демократ-социалист Зохран Кваме Мамдани Нью-Йорк қаласының мэрі лауазымына сайлауда жеңіске жетті. Ол бұрынғы губернатор Эндрю Куомо мен республикашыл Кертис Сливаны артта қалдырды.
Зохран Нью-Йорктің бірінші мұсылман мэрі болып, оның саяси көзқарастары мен өмірлік тәжірибесі көпмәдениетті ортада қалыптасқан. Зохран 1991 жылы 18 қазанда Уганданың астанасы Кампалада дүниеге келген.
Оның "Кваме" есімі Гана тәуелсіздік қозғалысының жетекшісі және алғашқы премьер-министрі Кваме Нкрума құрметіне берілген. 5 жасында отбасымен бірге Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласына қоныс аударған және екі жылдан кейін Нью-Йоркте тұра бастаған.
Ол 2018 жылы АҚШ азаматтығын алған және шии мазхабындағы мұсылман болып есептеледі. Саясатқа дейін, Зохран Квинс ауданында әлеуметтік кеңесші болып жұмыс істеген.
Ол баспанасынан айырылу қаупі төніп тұрған адамдарға көмектесіп, көшірудің алдын алумен айналысқан. Бұл тәжірибе оны әлеуметтік әділет үшін күресуге шабыттандырған.
Сонымен қатар, ол музыкаға да қызыққан және "Young Cardamom" пен "Mr. Cardamom" лақап атымен өнер көрсеткен.
Оның рэп өнерінде миграция, теңсіздік пен әлеуметтік мәселелер негізгі тақырыптар болған. Зохран білімін Оңтүстік Африканың Сент-Джордж мектебінде бастаған.
Нью-Йоркке көшіп келген соң, Bank Street School for Children және Bronx High School of Science мектептерінде оқыған. 2014 жылы Bowdoin колледжінде (Мэн штаты) африка зерттеулері бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Студенттік жылдарында ол Палестина құқықтарын қорғайтын "Students for Justice in Palestine" қозғалысын негіздеген. Зохранның отбасы оның дүниетанымы мен мәдени құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарған.
Әкесі Махмуд Мамдани беделді ғалым әрі Колумбия университетінің профессоры болса, анасы Мира Наир халықаралық марапаттарға ие режиссер болып табылады. Зохранның айтуынша, ата-анасының ықпалы мен көпмәдениетті орта оның саяси және әлеуметтік көзқарастарын айқындаған.
2025 жылы ол сириялық-америкалық суретші Рама Дуважимен отасқан. Қазір олар Квинстің Астория ауданында тұрады.
Зохран 2015 жылы жергілікті қауымдастықтарда жұмыс істеу арқылы саясатқа келген. 2020 жылы Нью-Йорк штаты заң шығарушы органына сайланған.
2025 жылы Демократиялық партия сайлауында жеңіске жетіп, Нью-Йорк мэрі лауазымына кандидат болды. Сайлауалды науқанында Зохран "Нью-Йорк өте қымбат.
Зохран шығындарды азайтып, өмірді жеңілдетеді" деген ұран ұсынды. Ол такси жүргізушілерінің 450 миллион долларлық қарыздарын жоюға қол жеткізді, метро дамуына 100 миллион доллар бөлінуіне және автобустардың тегін болуына ықпал етті.
Бұдан бөлек, ол экологияға зиян келтіруі мүмкін газ электр станциясының құрылысына қарсы шықты. Зохран арзан баспана, балалы отбасыларды қолдау, балабақша қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру және тегін қоғамдық көлік сияқты бастамалар арқылы жеңіске жетті.
Осылайша ол Нью-Йорктің бірінші мұсылман және африкалық мэрі ретінде тарихқа енді.
Нью-Йорктің бірінші мұсылман мэры туралы
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар