date

Mars Pringles компаниясын $36 млрд-қа сатып алады

Mars Pringles компаниясын $36 млрд-қа сатып алады
Mars корпорациясы (Snickers, Twix брендтері) Еурокомиссиядан Pringles чипсілері мен Cheez-It крекерлерін өндіруші Kellanova компаниясын сатып алуға рұқсат алды. Мәміле құны $35,9 миллиардты құрайды, деп хабарлады Reuters.

Еурокомиссия бұл бірігу бәсекеге әсер етпейтінін мәлімдеді. Reuters мәліметіне сүйенсек, Mars Kellanova компаниясын сатып алу бойынша мәмілені 11 желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Mars Snacking президенті Эндрю Кларктың айтуынша, бұл сатып алу компанияның брендтер портфелін айтарлықтай кеңейтеді. Mars — 1911 жылы АҚШ-та негізі қаланған халықаралық жеке корпорация, азық-түлік өнімдері және үй жануарларына арналған тауарлар өндірісінің ірі компанияларының бірі.

Компания Mars, Snickers, Twix, M&M’s брендтерімен қатар, Pedigree, Whiskas және Royal Canin секілді үй жануарларының азықтарымен танымал.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Mars Pringles компаниясын $36 млрд-қа сатып алады